Күшік күйеу
Автор: Тахауи Ахтанов
Премьера күні:
Режиссёр: Жанат Хаджиев
Актерлар:
Жанр:
Ұзақтығы:
Жас санаты:
Билет қайтару шарттары: Танысу
Қосымша:
«Күшік күйеу» комедиясы, бұл – жастар тақырыбын, ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты сондай-ақ, бой түзеп қалған қызы бар кез-келген ата-ананың баласының алдағы бағын ойлап, қам жеуі секілді өмірлік мәселелерді қамтитын сахналық туынды. Спектакльдің тақырыбы, айтар ойы – қоғамның қай кезеңінде болса да ескірмейтіндігімен құнды.
Атап айтқанда, қойылымда ауыл мен қала жастарының қалыптасу келбеті, таным-түсінігі мен тәрбиесі, ұстаным-пайымы секілді көптеген өзекті мәселелер көрініс табады. Ондай қоғам өміріндегі өзекті түйткілдер спектакль барысында кейіпкерлер бейнесі арқылы, тіл, ән – домбыра мен гитараның «айтысы», би, т. б. сахналарының өне-бойында әсем көрініс тауып, әдемі өріліп отырады.
Бұл пьеса – алғаш, Жастар театрының сахнасында 80-ші жылдардың басында қойылған... Араға көп жылдар салып театрымызда 2007 жылдың 11 сәуірінде қайта сахналанды.