rebranding

Арыстан қорқынышын қалай емдеу керек

Африканың ну орманы. Аңдар патшасы күлкілі жағдайда бір сырқатқа шалдығыпты. Тотықұс арыстанның ауырып қалғаны туралы хабар жеткізді. Ал бұл аурудың себебі қорқыныш екен! Африкада дүрліккен у-шу! Өзіңді патша ретінде неге сезініп көрмеске? 

Сонда да ақыр соңында шынайы аңдар патшасыз джунглиде нағыз астаң-кестең мен тәртіпсіздік орнайтынын бәрі мойындайды. Арыстанның қорқынышын емдеуге шешім қабылданды! Қойылым өте көңілді, жарқын әрі ойнақы. Іс-әрекет тек сахна төрінде ғана емес, көрермен залында да орын алатын болады. Кішкентай көрермендеріміз бұл күрделі де маңызды істе жақсы көмекшілер бола алады.