Scorpions в Алматы

Из травы я взлетела…

Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығына арналған концерт

«Из травы я взлетела…»

2017 жылдың 7 желтоқсанында Камералық залда атақты қазақ композиторы, профессор, КСРО және ҚазКСР халық әртісі, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығына арналған «Из травы я взлетела…» концерті өтеді.

Ғазиза Жұбанованың шығармашылығы сан алуан, ол өзінің композиторлық дарынын музыканың әртүрлі жанрларында жүзеге асыра білді. Ол оратория, кантата, симфония, симфониялық поэма, опера, балет, концерттер мен хорлар, романстар мен әндер, камералы-аспаптық шығармалар, сонымен қатар спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазған.

Ғазиза Ахметқызы табысты шығармашылық жұмысымен қатар, қоғамдық және ұстаздық қызметпен белсенді айналысқан. Ол белгілі қазақстандық композиторлардың тұтас саңылақтар тобын тәрбиелеп шығарды. Ғазиза Ахметқызының жан-жақты шығармашылығы ұлттық қазақ мәдениетін әлемдік деңгейге көтерді.

Кеште танымал қазақстандық музыканттар мен шығармашылық ұжымдардың орындауында Ғ.Жұбанованың туындылары шырқалады, сонымен қатар, атақты музыкалық әулеттің ізбасарлары – пианистер Нұрлан Измаилов, Карина Измаилова және тағы басқа концертке қатысушы  әртістер көрнекті композитор жайлы естеліктерімен бөліседі.

Орындаушылар:

Жұпар Ғабдуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Шахимардан Әбілов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (баритон)

Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Бейімбет Таңарықов (тенор)

Алмат Избамбетов (тенор)

Нұрлан Измаилов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

Қаламқас Жұмабаева (скрипка)

Дамиля Махпирова (гобой)

Аида Әбдіқадырова (флейта)

Дана Әбдіқадырова (фортепиано)

Карина Измаилова (фортепиано)

Камила Мамбетова (фортепиано)

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті

Концертмейстер – Раушан Бескемпірова

Бас хорместер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады