Scorpions в Алматы

 

«Жан-жүрегім скрипкамен бірге шырқайды»

2017 жылғы  16  сәуірде «Жан-жүрегім скрипкамен бірге шырқайды» концертінде дарынды қазақстандық скрипкашы, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбике Алғи өнер көрсететін болады.

Ақбике Алғи бес жасынан бастап скрипкада ойнауды үйренген. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің студенті (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Раиса Мұсақожаеваның шәкірті).

Ақбике – жас дарынды өнерпаз. Ол қысқа уақыттың ішінде елімізде және шетелде танымалдылыққа қол жеткізді.

Giovanni Talent халықаралық байқауының I сыйлық лауреаты  (Италия);

“Астана – Мерей” халықаралық байқауының I сыйлық лауреаты (Қазақстан);

Дельфий ойындары алтын медалінің иегері (Қазақстан);

Республикалық жас орындаушылар байқауының Гран-при иегері (Қазақстан);

Kloster Schoental халықаралық скрипкашылар байқауының лауреаты (Германия);

“Солтүстік скрипкасы” халықаралық скрипкашылар байқауының лауреаты (Ресей);

П.И.Чайковский атындағы VIII халықаралық жасөспірімдер байқауының дипломанты (Ресей);

ТМД елдерінің жастар арасындағы Дельфий ойындары (күміс медаль, Ресей);

Халықаралық жас скрипкашылар байқауының лауреаты (Ресей);

IV халықаралық скрипкашылар байқауының лауреаты (Қазақстан).

 

Ол Италия, Германия, Австрия, Испания, Ұлыбритания, Үндістан, Иордания, АҚШ және т.б. елдерде өнер көрсеткен.

Атақты скрипкашылар – КСРО халық әртістері Эдуард Грач, Виктор Третьяков, Захар Брон Ақбике туралы музыканың нәзік қылын сезінетін, «орындайтын шығармаларын терең философиялық тұрғыдан түсінетін» үлкен болашағы бар өнерпаз ретінде атап өткен пікірлерін білдірген.

 

Бағдарлама:

И.С.Бах. Скрипкаға арналған №1 соната, g-moll (1 және 2 бөлім)

Н.Паганини. №23 каприс, Es-dur

В.А.Моцарт. №4 скрипкалық концерт, D-dur (2 бөлім)

К.Дебюсси. Скрипка мен фортепианоға арналған соната, g-moll, L140

П.Чайковский. «Толғану»

Ф.Мендельсон. Рондо-каприччиозо

П.Чайковский. «Мелодия»

Ф.Крейслер. Скрипкаға арналған речитатив және скерцо-каприс, ор.6

И.Фролов. Г.Гершвиннің «Порги мен Бесс» операсы әуендерінен концерттік фантазия

 

Концертмейстер – Ұлан Құлмаметов