Scorpions в Алматы

Димаш Құдайберген Алматыда

Өтетін орны: Алматы, Орталық стадион, Абай даңғылы, 48

Күні: 23 қыркүйек

Басталуы: 20:00

Әнші: Димаш Құдайберген

Тұрақ: бар

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Димаш Құдайберген Қазақстандағы ең үлкен және танымал спорт ғимараттарының бірі - Орталық стадионда «Stranger» атты концертін өткізеді.

Көрермендер сүйікті әндер мен жаңа туындыларды тыңдап, заманауи үлгідегі шоуды тамашалайтын болады!

Димаш сүйікті Dears-пен өз елінде кездесуді асыға күтеді!

Димаш Құдайберген Қазақстанда кеңінен танымал әртіс. Сонымен қатар, туған елінен тыс жерлерде де оның көптеген жанкүйерлері бар. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Өзінің шығармашылық жолында Димаш Құдайберген Қытайда, (Чанша, Фучжоу, Шеньчжень), Ресейде, (Мәскеу, Сочи, Санкт-Петербург, Краснодар, Қазан, Екатеринбург), Ұлыбританияда, (Лондон), АҚШ-та, (Нью-Йорк), Латвияда, (Рига) Украинада, (Киев)  БАӘ, (Дубай) Германияда, (Дюссельдорф), Чехияда, (Прага) сондай-ақ туған елінде (Нұр-Сұлтан) үлкен стадиондық концерттер беріп үлгерді. 2017 жылы Қытайдың Шеньчжень қаласында MTV Global Chinese Music Awards-та өнер көрсетіп, «Үздік шетелдік әнші» номинациясын жеңіп алды.

Анықтамалық ақпарат:

  • Билет концерттік іс-шараға келушінің жасына қарамастан бір адамға жарамды. Дегенмен, 5 жасқа дейінгі балалармен бірге концертке бармауға кеңес береміз.
  • Билет иесі сатып алынған билеттерге сәйкес орындарға отыру тиіс. Стадион ішінде орын ауыстыру қатаң шектелген.
  • Көрермендер санының көптігін ескере отырып, стадионға алдын-ала келуді ұсынамыз (кезекте тұрмас үшін, концерт басталғанға дейін кемінде 2 сағат бұрын)
  • Концерттік іс-шараға қатысқан кезде жеке автокөлікті пайдаланудан бас тартуға кеңес береміз - стадион маңындағы тұрақ орындарының саны шектеулі!
  • Стадионға тамақ пен сусын әкелуге тыйым салынады
  • Концерт өтетін күнге дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірілмей билет қайтару мүмкін болады

Билеттердің корпоративтік тапсырыстарын жүзеге асыру, сондай-ақ іс-шараға топпен бару үшін Корпоративтік сату менеджері мен байланысуыңызды сұраймыз:

+7 771 936 53 53 WhatsApp  Telegram

[email protected]

СТАДИОН СХЕМАСЫ:

Баға санаттары:

Оңтүстік Трибунасы:

  • 10 000 теңгеден 15 000 теңгеге дейін.
  • Назар аударыңыз! Сахнаның шектеулі көрінуімен билеттердің төмендетілген санаттары бар (8 000 теңгеден).

Шығыс Трибунасы:

  • 12 000 теңгеден 40 000 теңгеге дейін.

Батыс Трибунасы:

  • 12 000 теңгеден 40 000 теңгеге дейін.
  • Фан–аймақ 2 - 20 000 теңге.
  • Фан–аймақ 1 - 30 000 теңге.
  • Супер–Фан–аймақ 40 000 теңге.

16,17,40,41 орындар шектеулі көрініспен. Бүйірлік секторлар