Scorpions в Алматы

Анна Каренина

Өткен өмірі де, болашағы да бұлыңғыр әйел тағдыры... Мистикалық фигура, тылсым кейіпкер... Өзімен өзі арпалысқа түскен Анна Каренина... Ол Вронскийді сүйе ме? Каренинге жаны қас па? Оған ұрпақ керек пе? Шет-шегі жоқ сауалдар...

Бұл махаббат хикаясы да емес, Каренинаның жанайқайы. Жекелік те, жалпылық та сипаты бар трагедия. Әлемге танымал туындының бұл сахналық нұсқасы әйелдің тылсым жанына ғана емес, жұбайлар жұмбағы, ана мен бала, достық пен сатқындық, махаббат пен өшпенділік сынды ұғымдарға терең бойлауға мүмкіндік береді.