rebranding

Ах Астахова. Қалталы ғаламшар

Ирина Астахова Ирина Астахова (сахналық лақап аты Ах Астахова) – әдеби қоғамда танымал  жас ақын. Оның орындаулары Ресей, Украина, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Франция, Германия, Чехия, Испания мен Италия қалаларында толық залдар жинайды. 

2011 жылы «Тебя хоть там любят?» атты өлеңіне жазған бейнероликті жариялағаннан соң, Иринаға  үлкен танымалдылық келді. 

2013 жылы Астахова «жылдың үздік арт-жобасы» номинациясында «Алтын Горгулья» марапатына ие болды. «Авторлық оқу» номинациясында «Үміттің желкендері» шығармашылық сыйлықтың  иегері. 2016 жылы Ирина «Лабиринт» баспасынан «Сөз музыкасы» атты бүкіл ресейлік поэзиялық жарысқа шақырылып, онда өзінің номинациясын ұсынды. 

2013  жылы шыққан «Мужская лирика/Женская лирика» атты алғашқы өлеңдер жинағында бір кітапта екі кітаптың жинақтамасы ұсынылған. Жинақта ақынның ішінде үйлескен екі қарама-қайшылықтар көрсетілген: жүрек жаулағыш кейіпкердің атынан жазылған - тік және қатал, кейде өткір өлеңдер, және де әйелдік болмыстың күйзеліс күйлерін сақтаған нәзік, әрі жұмсақ өлеңдер. 2015 жылы Астахова өзінің «Время сменить маршрут» атты екінші өлеңдер жинағы мен бір атты бағдарламасын ұсынды. Иринаның шығармашылығының жаңа айналымының айрықша жағы – бұл ендігі жолы жасампаз лирикада оптимизмнің күшті заряды. Ирина жаңа бағдарламада өмірлік жолды іздеу мен оны табу жайлы және бақытты күйіне жету құпияларымен  бөліседі. Оқырмандар да, Астахованың өнер көрсетулерін жанды түрде көрген көрермендер де, бәрі күшті эмоциялық күйінің көтерілгенін сезінеді, ол сезімді уәждемелік тренингке барғаннан соң алатын әсермен салыстыруға болады. 

Өзінің мән-мағынасымен, орындау мәнерімен Астахова барлық жастағы тыңдаушылардың жүрегін жаулап алды. Лирикалық жолдарының жеңілдігі мен өміршеңдігінің үйлесімі әуендік, жанды музыканың сүйемелдеуімен оның орындауларына керемет жағдай туғызады. Астахованың шығармашылығына немқұрай қарайтын адамдар жоқ. Өлеңдері оның концертіне барып, ләззат алған әр адамның жүрегінен орын алады, әрқайсысының іштегі әр ішегін қозғамай қоймайды. Концерт барысында көрермендер жылайды да, жаттап алған өлең жолдарын бүкіл залмен бірге айтып та береді. 

Қазіргі таңда Ирина белсенді түрде  гастролдьік сапарларда жүр, ол 76 қала мен 10 мемлекетте 200 астам концерттер берді, онда жалпы 73 000 астам адамдар қатысты. Бұның бәрі Ирина Астахованы орыс тілді кеңістікте үлкен сұранысқа ие заманауи ақындардың бірі екендігін көрсетеді.