Аудиоспектакль «Алматы әуендері»

Қаланың тарихымен ерекше форматта танысыңыз!

Алматы қаласында «Алматы әуендері» атты аудиоқойылым-экскурсия іске қосылды. Аудиоқойылым барлығы үшін толықтай тегін және кез-келген уақытта қолжетімді. «Stereo story» қолданбасын App store (нужна ссылка) немесе Google Play'де жүктеп алып, «Алматы әуендері» қойылымын таңдаңыз және play'ді басыңыз. Сізге қажеті тек құлаққап пен жайлы аяқ-киім.

Серуен ұзақтығы – 1 сағат немесе 8000 қадам. Серуеніміз аудио форматта өтеді.  Қойылымдағы ең әдемі декорация – Алматы қаласы. Серуен бағдарының бастапқы орны  – ұйғыр театры (Наурызбай батыр к., 83).

Қойылым сюжеті әйгілі алматылық саундты іздестіруге бағытталған. Оқиға желісі 60-жылдардың соңынан бастау алып, әуезді түрде біздің күнімізге көшеді. Басты рөлдерді сомдаған – Айсұлу Әзімбаева мен Қуантай Әбдімәди. Олардың дауысы әрбір қимыл-әрекетті сүйемелдеп, оқиғадан оқиғаға өте отыра үн қосады. Актерлер сөзінің мәнері мен екпінінің алмасуы басқа бір заманға ауысқандай сезім қалдырады. Оқиға желісінің өрістеуі бағдармен түйіндеседі және бағдар орнының алматылық дыбыс тарихына әсеріне қарай өрбіп отырады.

Қойылымда музыканттар мен негізгі оқиға қатысушыларынан алынған аудио-сұхбат фрагменттері пайдаланылған. Жобаны жасау барысында авторлар сирек мұрағаттық жазбаларды тауып, оларды жария қылды. Сілтемесін «Алматы әуендері» жобасының парақшаларынан табуға болады. Жобаның басты міндеттерінің бірі – өңірдің музыкалық мұрасын сақтап қалуға назар аударту. Жоба продюсері Ася Штольдің айтуынша, аудиоқойылымды тегін түрде қолжетімді етуге қанды қаңтар оқиғасы түрткі болған. «Біз қала мен қала тұрғындарына тарту жасағымыз келді» – дейді Ася.

Сондай-ақ, қойылымда almaty_auenderi (нужна ссылка)  телеграм арнасының жазылмандарының дауысын ести аласыз. Адамдардың шынайы естеліктері сюжетке ақиқат реңін береді. «Алматы әуендері» жобасының бірегейлігі – әр адам өзінің естелігімен бөлісіп, кейін қойылымда өзінің дауысын тыңдай алады. Осылайша авторлар Алматының музыкалық тарихының мұрағатын жинауды ойластырған. Қойылымды тыңдай отырып, сіз almaty_auenderi (нужна ссылка) телеграм арнасында хабарлама қалдырып, «Алматы дегенде қандай музыка ойыңызға бірінші түседі?» деген сұраққа жауап қалдырсаңыз болады.