Расписание кинотеатров Актобе
101 адам соңғы сағат ішінде олар осы нысанның оқиғаларына қызығушылық танытты.

Ғ.Жұбанова ат. Ақтөбе облыстық филармониясы

Әлем хит   концерт
Күні Уақыт Зал Бағасы
30.03.2024 16:00 Зал от 1 000 тг. Cатып алу
Көктем әні   концерт
Күні Уақыт Зал Бағасы
05.04.2024 18:00 Зал от 2 000 тг. Cатып алу

Мекен-жайы: Ақтбөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы 90 б

Мекенжайы: +7 (7132) 90-64-61(қабылдау бөлмесі), +7 (7132) 90-64-58 (касса), +7 (7132) 90-64-72 (администратор)

ҒАЗИЗА ЖҰБАНОВА атындағы АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

Ақтөбе облыстық филармониясы 1944 жылы құрылған. 1998 жылы оған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО халық артисі, композитор Ғазиза  Жұбанованың аты берілді.  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның жаңа  стандартқа сай, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге және оны дайындауға мүмкіндігі мол, әрбір ұжымның даярлық жасауға арналған кең де,  жарық кластары бар. Ұжымдар музыкалық аспаптармен және киімдермен қамтамасыз етілген. 74 жылдық тарихы бар бірегей өнер ордасының ұжымы мен жекелей солистері көптеген халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары атанған. Жыл сайын облыстық филармонияда көптеген дәстүрлі фестиваль-конкурстар Республикалық және Халықаралық деңгейде өткізіледі, атап айтатын болсақ,  «Жұбановтар көктемі» және «Классика» атты дәстүрлі халық аспаптар оркестрлерінің және хор музыкасы, джаз музыкасы, жас вокалистер мен жас таланттар фестивальдары өткізіліп тұрады.

Источник фото: https://www.aktobe-filarmonia.kz/

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұжымы 2017 жылы   Әбілқайыр хан даңғылының ең көрікті жерінде,  Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен   салынған, 13 мың шаршы аумақты алып жатқан, 1200 орындық заманауи концерт залы бар, халықаралық  деңгейдегі мәдени шараларды өткізуге лайықталған  «Өнер орталығы» ғимаратына көшті.   2017 жылдың 1-ші  желтоқсан күні, «Өнер орталығының»  салтанатты ашылуы болды. Ашылу салтанатына  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева, белгілі актер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсынов, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Қарагөз Сүлейменова қатысты. Сондай – ақ   қазақтың әйгілі күйші композиторы Нұрғиса Тілендиевтің жетекшілігімен құрылған  “Отырар сазы”  фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары  оркестрі,   оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ҚР енбек сіңірген қайраткері Дінзухра Нұрғисақызы Тілендиева келді.  Қазіргі уақытта Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония -   үлкен  өнер ордасы,  мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге және оны дайындауға мүмкіндігі мол, өзінің жаңа заманға лайықты  ғимараты бар. Филармония ұжымы  өз артистерінің жетістіктерін мақтан тұтады. 

Источник фото: https://www.aktobe-filarmonia.kz/

Филармонияның солистері және шығармашылық ұжымдары көптеген Республикалық және Халықаралық конкурстар мен фестивальдарға қатысады. Филармония жоспарының мақсаты:  Қазақстанның қалаларына және алыс-жақын шет елдерге   өз өнерлерін таныстыру, қазақ халық музыкасын кеңінен насихаттау болып табылады. Филармония ұжымдары «ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНДА» қала тұрғындары мен қонақтарына жоспарлы түрде  концерттік бағдарламасын ұсынып, халықтың қошеметіне бөленіп, алғысын алып келеді және Ақтөбе өңірінің өнерпаздары  халыққа шынайы өнер көрсетуді үлкен мәртебе санайды. Концерттерді жүргізу және  сценарилерін дайындаушы  ҚР мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір.

Источник фото: https://www.aktobe-filarmonia.kz/