Спортивные матчи Актобе

Жүз жылдық махаббат

Заманынан озып туып, соңына өшпес рухани мол мұра қалдырған, көрнекті ақын, Алаш ардагері Мағжан Жұмабаев тағдырының ақтаңдақты тұстары аз емес. Халық жауы науқанымен екі рет ұсталып, қырық төрт жыл ғұмырының он жылын қапаста, түрмеде өткізген ақынның қасіретті тағдыры спектакльде аяулы жары Зылиханың естелігі арқылы беріледі.

Еркін рухты, құдіретті жырлар жазған «нағыз ұлттың, әлеуметтің, халықтың сөзін сөйлеген» (М. Әуезов) Мағжан ақын... Қиын-қыстау уақытқа, небір кедергілерге қарамай ерінің соңынан іздеп сан рет барған; өмір бойы Мағжан рухын ардақтап, өзінің соңғы демі біткенше ұлы ақын жырларының кейінгі ұрпаққа жетуіне бар күш-жігерін салған Зылиха... Олардың ұлы махаббаты – кейінгі сан ұрпаққа өнеге.