Scorpions в Алматы

 

#Огоньдетка - Әйелге арнау-қойылым. Әйелдерге арнап әйел адамы туралы сыр шертеміз. Сондай әрқилы: бақытты, мұңды, жайдары, шаршаңқы, күлімдеген, жайнаған, жылаған, шабыттандырған керемет әйелдер туралы. Өмірдің ұлы құпиясы туралы, барлығы тек ажал уақытында емес, махаббат пен сенім жойылғанда аяқталатыны туралы жай ғана сыбдырмен жеткізу.

Әрбір оқиға жүректі елжіретеді, әрбірі жанымыздың өзгелерден жасырын түпкірлеріне дейін баурайды.

Көрермендер #Огоньдетка қойылымы туралы: «Жанды қозғау, түршіктіру жағынан Разия Хасанова нағыз шебер. Әртістердің таңғажайып ойыны, би, жарық, оқиғаны тек толықтап қана қоймай, сонымен қатар бүкіл қойылымның толыққанды мүшесі ретінде сезілетін музыка бұл жағынан Разия Хасановада бәрі іске асады.

Сахнада болып жатқан оқиғаға толықтай сеніп, бірге өмір сүріп сезінеміз. Және осы жолы да, тағы да керемет! Көз жасымызды оятып, жанымыздың түпкіріне жетіп, бой түршіктірді...»

Келіңіздер, жаныңызды рахат пен тыныштыққа бөлеңіздер!

Қойылымға ер адамдар кіргізілмейді.