ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Ақтөбе
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Сильва (КАТМК)

Сильва (КАТМК)

Сипаттама

Будапешт. Мюзик-холлдың сахна төрі мен сыртында. Гастрольдерге аттанар бұрын осы жерде көрермендердің сүйікті әртісі Сильва өнер көрсетпек. Қызға ғашық болған ақсүйек-офицер Эдвин оған кетпесін деп жалынады, алайда Сильва олардың некелері қиылуы мүмкін емес деп ойлайды. Сол кезде Эдвин сегіз аптадан кейін Сильваға үйленетіні туралы міндеттеме жазады. Эдвиннің полкке аттануынан кейін Сильва оның Стасси есімді графинямен атастырылып қойғаны туралы естиді. Оқиға Воляпюк князь үйінің бал залына, Венаға көшеді. Эдвин мен Стассидің атастырылуы туралы хабарлайтын күні Эдвиннің досы граф Бони Кончиану Сильваны өзінің ақсүйек руынан шыққан жұбайы ретінде таныстырады. Өтіріктің беті ашылады. Ғашықтар дауға түседі. Қонақ үйдің кіреберісі. Сильва сахнадан кетуге бел буады. Бони Стассиге деген сезімдері үшін Эдвин мен Сильваны кездестірмекші болады. Қайта кезігіп, ғашықтар сезімдерін ұстай алмай қалады. Сөйтіп тағдырларын бір етпекші болады.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 32/2, КАТМК

  • Авторы

    И. Калман

  • Премьера күні

    2005 жылғы 6 маусым

  • Қоюшы Режиссер

    Юрий Александров

  • Ұзақтығы

    2 сағат 20 минут

  • Қоюшы-балетмейстер

    Марина Лепилина (Ресей, Мәскеу)

  • Қоюшы-дирижер

    Сергей Ферулев

  • Костюмдер

    Вячеслав Окунев

  • Хормейстер

    Татьяна Борисовна Штыкова

  • Сценография

    Вячеслав Окунев

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 29
    Наурыз
    ертең
    КАТМК
    бастап 700 ₸
    бастап 700 ₸