Scorpions в Алматы

Рикки-Тикки-Тави (КАТМК)

«Рикки Тикки-Тави» - бұл бақытты мәңгілік іздеу туралы, зұлымдықпен және зұлымдармен күрес туралы, кішкентай және батыл мангусттың әкесінің өнегелі насихаттарын естен шығармауы туралы музыкалық феерия. Ертегі ерекше лиризммен және эмоциялар, сезімдер басым болатын, ал олардың соңынан дұрыс шешім қабылданатын әсерлі сәттерге бай. Әлсіздердің қорғаушысы болу оңай ма?! Бәлкім, қиын шығар, бірақ кішкентай мангуст табиғатпен бірлікте өмір сүруге және адамдар әлемінен дос табуға үйренеді. Полли доп ойнағанды ұнататын кішкентай қыз, ол кобралардан қатты қорқып, ал өзінің жаңа досы Риккиді шын жүректен жақсы көреді екен.