Google ad services
Спортивные матчи Актобе

Лифт

Лифт

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Сая Қасымбек

Премьера күні: Мамыр, 2016 жыл

Қоюшы режиссер – Бекболат ҚҰРМАНҒОЖАЕВҚР еңбек сіңірген қайраткері

Жанр: психологиялық драма

Ұзақтығы: 1 сағат 15 мин

Қосымша:

 

 

 

 

Кейіпкерлер:

  • Қыз – Наурыз Сабағатова, Саида Максумова
  • Хатшы – Жандаулет  Батай, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Нұрбек Әлібек
  • Айдауыл – Данияр  Уразаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Шыңғыс Жақыпбай
  • Әйел – Айнұр Рахиова, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» медалінің иегері 
  • Айым Жүсіпбекова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Еркек –  Азамат Эсқұлов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Бахыт Хаджибаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері

 

Бүгінгі заманда адамның құны қанша?  Ұлт пен тектің арасалмағы немен өлшенбек? Түбі қайдан шыққанын білмейтін «тексіздер армиясын» ұлғайтып жатқандар кімдер?..

Жаһандану заманнының ең үлкен һәм аса қатерлі дерті – ұлтсыздану мен ұрпақ тексізденуінің негізгі түйткілдеріне психологиялық тұрғыдан терең талдау жасайтын қойылым көрермен көкейіндегі кезек күттірмейтін осындай өзекті мәселелерге жауап іздейді. Өмірдің ащы ақиқатын өнер арқылы жас ұрпақ санасына сіңіруге талпынады.   

«...Міне, Сіздерге бомба!.. Бізге атом бомбасын тастап әуреге түсудің қажеті жоқ. Біз өзімізге-өзіміз ұзақ мезгілдік, түп-тамырды жоятын  бомба тастап жатырмыз! «Мәңгүрттену бомбасы»?!! Айтыңыздаршы, мәңгүрттенген қоғамда кімді соттауымыз керек?!.»