Театр им. Ауэзова
98 человек за последний час интересовались этим событием.

«Коппелия»

2020 / 2021                 Үлкен зал                  VIІІ маусым

3 / 4 сәуір * сенбі / жексенбі * 12:00, 18:00 / 18:00

 

Құрметті көрермендер!

 

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

 

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

Лео Делиб

«Коппелия»

Екі бөлімді күлдіргі балет

 

Ролан Петидің хореографиясы

Либретто авторлары – Шарль Луи Этьен Нюитер мен Артюр Сен-Леон,

Эрнст Теодор Амадей Гофманның «Құм адам» новелласы бойынша

 

 

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП

Қоюшы балетмейстер – Луиджи Бонино

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Декорация және костюмдер бойынша суретші – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Франка Скуарчапино

Костюмдерді жаңғырту бойынша суретші – Анна Верде

Жарық бойынша суретші әрі техникалық үйлестіруші – Жан-Мишель Дезире

Қоюшы балетмейстердің ассистенті – Джилиан Уитингам

Қоюшы сценографтың ассистенті – Риккардо Масирони

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық  әртісі

 

«Коппелияның» оқиғалар желісіне негіз болған атақты романтик жазушы Э.Т.А.Гофманның новелласында Коппелиус есімді шебердің механикалық қуыршағына ғашық жас жігіт жайында баяндалады. Алайда балет авторлары Гофманның тылсымға толы туындысын комедияға айналдырып, ғашық жандардың болмашы ұрыс-керісі мен татуласу оқиғаларынан сыр шертеді.

Л.Делибтың музыкасына алғаш рет балет қойған – Артур Сен-Леон (париждік Гранд-опера, 1870 жылғы 25 мамыр). Бүгінгі таңда «Коппелия» көптеген әлем театрларының репертуарына еніп, балет жанрындағы классикаға айналды.

«Адамдарға ұқсас қуыршақтардың» махаббат пен алдану оқиғасы көптеген хореографтарды – соның ішінде ұлы Ролан Петиді де шабыттандырды. 1975 жылы Марсель балетінде ұсынылған оның «Коппелиясы» бастапқыда балетқұмар жандардың наразылығын тудырды. Себебі, Пети академиялық биге жеңіл-желпі варьетені қосқан. Оның қойылымында пачкадағы балериналар классикалық бимен қатар сол уақытта өте танымал болған твист биінің қозғалыстарын да орындаған.

«Астана Опера» сахнасында осынау спектакльді Ролан Петидің тұрақты ассистенті Луиджи Бонино қояды. Ол премьерада Коппелиусты билеген, ал Ролан Петидің өзі осы партияда 73 жасына дейін сахнаға шыққан.

«Коппелия» балетте сирек кездесетін комедия жанрында ұсынылады. Сиқыр, түрленулер, шытырман оқиғалар, бала кезден таныс әуендер мен ұлттық сипаттағы билер көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлары анық.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

 

3 СӘУІР

Сванильда –   Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Франц           Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Коппелиус    Рүстем СЕЙІТБЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

* * *

 

4 СӘУІР

Сванильда –   Шұғыла ӘДЕПХАН

 

Франц           Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (алғаш өнер көрсетуі)

 

Коппелиус    Рүстем СЕЙІТБЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат 20 минут (бір үзіліспен)

 

 

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады