Спортивные матчи Актобе

Гүлдер

https://ticketon.kz/media/upload/41315u55201_whatsapp-image-2023-03-27-at-12-24-10.jpgӨтетін орны: Алматы қ., Достық даңғылы, 56, Республика сарайы

Күні: 11 мамыр, 2023

Басталуы: 19:30 

Жанр: эстрада

Ұзақтығы: 120 минут

Жас шектеуі: 

Қосымша:

 

 

 

2023 жылдың 11 мамырында «Гүлдер» ансамблінің жаңа құрамы Алматы көрермендері үшін Республика сарайында арнайы концерттік бағдарлама ұсынады.

Шығармашылық ұжым өнер әлеміне осы Алматы қаласында алғашқы қадам басқан. Ансамбль 1968 жылы құрылып, 1969 жылы 29 қазанда сахнаға шыққан. Қазақстанның белгілі әртістері Сара Тыныштығұлова, Қапаш Құлышева, Қайрат Байбосынов, Гүлжан Талпақова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Сембек Жұмағалиев, Айжан Нұрмағамбетова, Нағима Есқалиева, Майра Нүркенова, Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева, Бақтияр Тайлақбаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Қанат және Айткүл Құдайбергенов сынды өнер майталмандары шығармашылығын «Гүлдерде» бастады. Алғашқы жетекшісі ҚР Халық әртісі Гүлжихан Ғалиева.

2022 жылдың тамыз айында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы аты аңызға айналған шығармашылық ұжым «Гүлдер» ансамблін жаңғырту жобасын қолға алды. Ұжымға шығармашылық оқу орындарының түлектері алынып, тәжірибелі тәлімгерлер – бас балетмейстер ретінде Анвара Садықова және жобаның көркемдік жетекшісі әрі дирижері Серік Дәулетов шақырылды.

Кешке қазақ эстрадасының майталмандары және Қазақстанның Халық әртістері Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі және т.б. қатысады.

Құрметті көрермен! «Гүлдер» ансамблінің «алтын қорынан» ең үздік қойылымдар, барлық жастағы көрермендер үшін қызықты, әртүрлі жанрдағы шығармалар мен жаңа музыкалық-хореографиялық туындыларды тамашалауға келіңіздер! Қазақ өнерінің бетке ұстар ұжымының біріне айналған «Гүлдер» ансамблінің жаңа шығармашылық самғауының куәсі болыңыздар!