Расписание кинотеатров актау

Сол бір күн

«Сол бір күн» - трагикомедия, Ярослав Пулиновичтің «Сол бір күн» атты әсерлі пьесасы бойынша қойылым, онда қазіргі қоғамның шындығы ирониямен және сарказммен бейнеленген. Қалай болғанда да өз мақсатына жетуге ұмтылған Марияның бір түні орын алған шытырман оқиғасы...

Режиссер туралы: Владимир Владимирович Дроздецкий 1992 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясын бітірген. 2004 жылдан бастап Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс атқарады. 1992-2014 жылдары Теміртау қаласының жастар театр студиясының көркемдік жетекшісі болған. 

Қоюшы-режиссер ретінде театрда спектакльдер қоюды жүзеге асырады. Театрда жұмыс істеген кезінде Владимир Владимирович 17 спектакль қойып, оны аймақтық, республикалық және халықаралық фестивальдарда лайықты түрде ұсынған еді, онда ол бірнеше рет фестиваль дипломанты немесе лауреаты атағын алды. 

Драматург туралы: 1987 жылы Омбы қаласында журналистер отбасында туған. 2009 жылы Екатеринбург театр институтын бітірген (Николай Коляда шеберханасында). Оның пьесалары Англия, АҚШ, Польша, Эстония, Украина және Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Пермь, Омбы, Красноярск және басқа да қалалардағы көптеген театрларында орындалады. "Ұрпақ дауысы", «Дебют», «Еуразия», «Жаңа пьеса» («Алтын бетперде» аясында), «Арлекин», «Текстура», «Борыш. Абырой. Қадір-қасиет» және т.б. премияларының лауреаты. «Moscow times» газетінің жазуынша, «Наташаның арманы» пьесасы ХХ1 ғасырдың басындағы ең үздік орыс пьесаларының ондығына кіреді. Оның Павел Казанцевпен бірге жазған «Дүкендегі ұрыны қалай ұстау» сценарийі бойынша түсірілген фильм «От рухы» халықаралық кинофестивалінде «Қола тайга» сыйлығын иеленді. «Мен қайтып келмеймін» фильмі Нью-Йорктегі 2014 жылғы Трайбек фестивалінде арнайы аталып, Film by the Sea фестивалінің бас жүлдесін (Влиссинген, Нидерланды, 2014 жыл), сондай-ақ «Лiстапад» XXI Минск халықаралық кинофестивалінде Беларусь Президентінің «Кинодағы гуманизм мен руханият үшін» сыйлығын алды (Минск, 2014 жыл). Адам құқықтары туралы фильмдердің «Сталкер» халықаралық кинофестивалінде (Мәскеу, 2014 жыл) «Мен қайтып келмеймін» сценарийі үздік сценарий үшін драматург Валерий Фрид атындағы сыйлыққа ие болды. Қазіргі уақытта Екатеринбургте тұрады.

Актерлік құрам:

Мария - Ирина Мальчихина;
Алеша - Никита Колесов;
Марияның анасы - Людмила Гулуева;
Лида тәте - Наталья Снегирева;
Анжелика - Анастасия Агафонова;
Андрей - Нурлан Ибраев;
Депутат - Валентин Бухонов;
Григорий - Юрий Блинов;
Игорь - Айдар Мукашев;
Матвей - Роман Гужель;
Ростислав - Владимир Хомутов;
Қара шашты қыз - Ирина Глязер;
Сары шашты қыз - Екатерина Орищенко;
Бармен қыз - Ольга Зверьева;
Православ белсенділері - Наталья Снегирева, Ольга Зверьева, Екатерина Орищенко, Ирина Глязер;
Женя, Сталин - Нурлан Ибраев;
Ваня, Христос - Юрий Блинов;
Бұзақылар - Нурлан Ибраев, Валентин Бухонов.