Репертуар театра им. Жантурина

THIS IS MODERN

2016 / 2017                   Үлкен зал           IVмаусым

26-27 маусым * 19.00

THIS IS MODERN

Eurasia Dance Festival балет өнерінің халықаралық фестивалі шеңберінде корейлік Universal Ballet труппасының өнер көрсетуі

Бағдарламада:

«Duende» («Эльф»). Начо Дуато хореографиясы

«White Sleep» («Ақ түс»). Раймондо Ребек хореографиясы

«Minus 7» («Минус 7»). Охад Нахарин хореографиясы

Юнивёрсал-балет 1984 жылы құрылған. Труппаның құрамында Еуропа, Азия және Америка бойынша 12 ел өкілдері бар.

Азия сымбаттылығы мен үйлесімділігін батыс классикалық балетінің күші және сұлулығымен араластыру арқылы Юниверсал балеті бас директор Джулия Мун, көркемдік жетекші Брайан Ю және Құрметті көркемдік жетекші Олег Виноградов басқаруымен әрдайым атақ пен танымалдылыққа қол жеткізуде. Ұжым жетістіктерінің ішінде – «Өнердегі көшбасшылық» президенттік жүлдесі бар (1999).

Юниверсал-балетінің ұраны: «Сұлулық әлемін жаратқан жәннаттық өнер». Балет өнерінің әлемді әдемі де асқақ ететіне қатты сенетін труппа Жапония, Колумбия, Түркия, Қытай, ОАР, Ресей, Франция, АҚШ, Канада, Оман және Сингапур қалаларында үш жылдық әлемдік турне жасады.

Балет классикасы («Аққу көлі», «Дон Кихот», «Жизель», «Баядерка») және заманауи жауһар туындылармен қатар (Джон Кранконың «Онегин», Уильям Форсайттың «Алтын шиелер піскен жер», Иржи Килианның «Алты би», «Кішкентай ажал», Ханс ван Маненнің «Қара күлше», Начо Дуатоның «Көпқырлылық», «Тыныштық пен умітсіздік нобайлары», «Дуэнде», «Орманда», Хайнц Шперлидің «Барлығы орындалады», Кристофер Уилдонның «Қатал вариациялар» және Охад Нахариннің «Минус-7»), труппа репертуарында корей фольклорының классикалық балетпен үйлескен ұлттық хореография шығармалары – «Шим Чон – Қиыр Шығыс аңызы» және «Чанхуанг махаббаты» қамтылған.