rebranding

Сильва (КАТМК)

Будапешт. Мюзик-холлдың сахна төрі мен сыртында. Гастрольдерге аттанар бұрын осы жерде көрермендердің сүйікті әртісі Сильва өнер көрсетпек. Қызға ғашық болған ақсүйек-офицер Эдвин оған кетпесін деп жалынады, алайда Сильва олардың некелері қиылуы мүмкін емес деп ойлайды. Сол кезде Эдвин сегіз аптадан кейін Сильваға үйленетіні туралы міндеттеме жазады. Эдвиннің полкке аттануынан кейін Сильва оның Стасси есімді графинямен атастырылып қойғаны туралы естиді. Оқиға Воляпюк князь үйінің бал залына, Венаға көшеді. Эдвин мен Стассидің атастырылуы туралы хабарлайтын күні Эдвиннің досы граф Бони Кончиану Сильваны өзінің ақсүйек руынан шыққан жұбайы ретінде таныстырады. Өтіріктің беті ашылады. Ғашықтар дауға түседі. Қонақ үйдің кіреберісі. Сильва сахнадан кетуге бел буады. Бони Стассиге деген сезімдері үшін Эдвин мен Сильваны кездестірмекші болады. Қайта кезігіп, ғашықтар сезімдерін ұстай алмай қалады. Сөйтіп тағдырларын бір етпекші болады.