Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Туған күніңмен, Астана!

«Туған күніңмен, Астана!»

қала күніне арналған мерекелік концерт

Бұл концерт – қонақтарын таң қалдырып, тұрғындарының кеудесіне мақтаныш сезімін ұялататын Қазақстанның жас астанасына деген махаббат кеші болмақ.

Кеш бағдарламасында – көрермен қауым сүйіп тыңдайтын нағыз үздіктер – жетекші опера солистері мен оркестр әртістерінің орындауындағы әндер мен романстар, жауһар опералардан ариялар, сонымен қатар танго королі А.Пьяццолланың жалынды аспаптық әуендері шырқалады.

Орындаушылары:

Ғалия Байғазинова (Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, сопрано)

Альфия Каримова (Башқұрстанның еңбек сіңірген әртісі, сопрано)

Мәдина Исламова (сопрано)

Елена Ганжа (сопрано)

Галина Чеплакова (сопрано)

Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано)

Байғали Момбеков (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тенор)

Медет Шотабаев (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тенор)

Азат Мәлік (халықаралық байқаулардың лауреаты, баритон)

Кирилл Красюков (скрипка)

Александр Малиновский (гармоника)

Константин Стригин (баян)

Александр Геер (гитара)

Анатолий Якушкин (контрабас)

Жәнібек Бекмадиев (соқпалы аспаптар)

«Dolce» скрипкашылар ансамблі

Фортепиано партиясы – Раушан Бескемпірова, Елена Сахно