Расписание кинотеатров актау

2019 / 2020                    Камералық зал            VII маусым

30 қараша * сенбі * 18.00

 

Концерт

«Нәр алған ән бұлақтан...»

«Астана Опера» елордалық тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Камералық хорының қатысуымен концерттер сериясын жалғастыруда. Хор ұжымының ауқымды репертуары ұлттық және әлемдік классика шығармаларынан құралған.

Бұл жолы шығармашылық ұжым «Нәр алған ән бұлақтан…» бағдарламасымен өнер көрсетеді, кеште биыл қазақстандық музыкалық қоғам 90 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО Халық әртісі, Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының дирижері Анатолий Молодовтың репертуарынан хор туындылары шырқалады.

 

Хормейстер – Ержан САНСЫЗБАЕВ

 

Концертмейстер – Гүлден БАЗЫКЕН

 

Көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Мәдениет қайраткері Гүлмира ҚҰТТЫБАДАМОВА

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады