Jullien Dassin

Құлпытастың көз жасы

Бұл спектакльде өмірлік шындықты ашық та айқын көрсетуді, ой-қуаты мен сөз тасқыны кім-кімді де бей-жай қалдырмасы анық.

Заман мен қоғам жəне адам аралығындағы тіршіліктің үш болмыс кеңістігіндегі кереғарлықтар мен өзара ықпалдастықтар, теріс көзқарастар мен дағдылы ой пікірлер шарпылысы, пенделік тағдырдың тамшы уы, өкініші мен қуанышы, пенденің мүшкіл халі, дəстүрлі ғадеттердің жанашыл үрдістермен үнемі ымыраға келе бермейтіндігі, адам мінезінің алуан қырлылығы, оның қия құздары, шынырау тереңдігі  күрделі философиялық ой түюге бейімдейді.