Jullien Dassin

Біржанның соңғы әні

Авторы: Асқар Сүлейменов

Жанр: Драма - диалог

 Сахналық нұсқа - Әлия Бөпежанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-режиссер - Әубәкір Рахимов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Режиссердың ассистенті - Б.Тұрыс, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретші  - Мұрат Сапаров

Композиторы - Бейбіт Дәлденбаев

Балетмейстер - Г.Мұхамеджанова

Режиссердің көмекшісі - Б.Әбдіков

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас санаты: +7

«Адасқақ»  -  көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің прозалық циклы бойынша қойылған драма-диалог. 

Спектакльдің бас кейіпкері  - қазақтың атақты  әнші-композиторы Біржан сал Қожағұлұлы. Өмірбаяндық емес, өнербаяндық көркем қойылым оқиғалары бір күн ішінде, өң мен түс арасында өтеді. Өмірінің соңында дерт меңдеген Біржан сал. Өмір-өнер елестері. Абаймен, Ақанмен кездесулер, рух түлетер қауышулар, кетісулер... «...Өтерінде, кетерінде шыр айналды...»  пәни дүниедегі өксік-өкініштер... Өнер адамының ұстанымы жайындағы көзқарастар қақтығыстары... Құмсағаты түгесіле бастап, жаны мұрнының ұшына келген  Біржан сал ән-зар шығарады. Әнмен мінәжат етеді.

Ол ән-зар һәм мінәжат – «Теміртас». Қазақта теңдесі жоқ  музыкалық жоқтау. Реквием... 


Драма-диалог «Плач о погибшей  песне» известного  писателя-драматурга, лауреата Государственной премии Аскара Сулейменова написана из цикла проз.

Постановка посвящена творчеству знаменитого  казахского акына и композитора  Биржан-сала Кожагулулы. Мы окунемся всего лишь  на краткий миг перед его кончиной, который омрачен преследованиями из прошлого, становясь свидетелями духовных терзаний и внутренней борьбы-диалогов, обращенных к Абаю и Ахану, способствующих возрождению духа и написанию  песни «Темиртас». Эта песня –плач – молитва – реквием.