Репертуар театра в Кызылорде

Асыл шөп

Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай, «Асыл шөп» балаларға арналған ертегісі Дала заңының санитары Қасқыр үнемі Қоянды қолға түсірмек болып қуады да жүреді. Қаша беріп әбден зығырданы қайнаған Қоян сондай бір кезекті қуаласудан сілесі қатып, демалып отырғанда Қасқырға: «ет жегенше, шөп жемейсіз ба? Жете алмайтыңызды білсеңіз де алтын уақытыңызды алып, салпақтап соңымнан қалмайтытыныңыз не осы? - деген сұрағына, қасқыр да: «амандасайын деп едім» - деп әрі қарай қуа жөнеледі. Қоян құтылып кетіп, Қасқырға жолдарынан адасып кеткен Қошақан мен лақ кездеседі. Қасқыр оларға көмектесіп ауылдарына жеткізіп салады. Қанша ызаланғанымен Қасқырдың аш екенін көріп уайымдаған Қоян жолында кездескен Аю мен Борсыққа Қасекеңнің жағдайын айтып оған көмектесулерін өтінеді. Оқиға соңында Қасқырға қойылымдағы кейіпкерлердің барлығы шөп, тамыр секілді сыйлықтарын беріп қуантады