Афиша кино в Костанае

Түрлі дауыстар әлемі (AstanaOpera)

«Музыкальное разноголосье»

Знакомство с оперными голосами

(на казахском языке)

•           Өтетін орны: Камералық зал

•           Күні мен уақыты: 18 қазан 2020 ж.  /  жексенбі  /  12:00 (қазақша)

•           Ұзақтығы:  50 минут

•           Жас шектеуі:  5+

 

* * * * *

 

Адам дауысы – табиғаттың шебер жаратқан үздік құралы. Нәресте өз жақындарын дауысының тембрі бойынша жеңіл танып, бесік жырын ұйып тыңдайды. Өсе келе бала дауыс бояуының фильмдер мен музыкалық ертегілер кейіпкерлерін сипаттайтынын біледі. Егер сіз балаңыздың келешекте вокалдық классика тыңдарманы болуын қаласаңыз, дайындықты бүгіннен бастаған дұрыс.

Концерт жүргізушілері – театрдың музыкатанушылары опера дауыстарының барлығымен – сопранодан басқа дейін қызықты түрде таныстырады, ал танымал солистер Л.Хамиди, Ж.Бизе, Дж.Верди, Дж.Россини, В.А.Моцарт, А.Холминов, Р.Леонкавалло шығармаларынан әйгілі ариялар мен дуэттерді шырқап; неаполитан әндерін және т.б. орындайды. Сондай-ақ, концертте «Астана Опера» театры Балалар студиясының хоры өнер көрсетеді.

 

 

Фортепиано партиясында – Раушан Бескембирова

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

Музыкатанушы – Төлеген Назарбеков