Jullien Dassin

«Метранпаж деген не?»

   «Метранпаж деген не?»

трагикомедия

Автор - А.Вампилов  (Аударған:  Т.Әл-Тарази) 

 Қоюшы режиссер - Е.Қауланов

«Метранпаж деген не?»Бастан-аяқ күлкі-келемежден тұ­ра­тын "Метранпаж  деген  не?" атты әзілге негізделген аударманың астарында бүгінгі ұрпақ санасын сілкінтетін салмақты ой жатыр. Ащы астар мен қалжың араласа өрбіген қойылымда жаңа метранпаж деген сөздің мән-мағынасына түсінбей, талай қиындықтарды басынан өткізіп, қонақ үйде болған оқиғалар орын алады. Комедия жанрында сатираға жақын бұл пьесада арзымайтын ескертудің аяғы ширыққан шым-шытырық оқиғаға ұласып, біраз адамның арсыздығы мәлім болады. Жастарды атаққұ­марлықтан арылтып, ақылға бой алдыртуларын көз­дейтін қойылым көрермендердің көңілінен толықтай шығатындығына сенімдіміз. Қойылым желісі келесідей. Орталықтан шеткері жатқан шағын қалашықтың аядай ғана қонақүйінің әкімшісі Калошиннің басынан кешкен күлкілі әрі аянышты оқиға спектакль негізі болады. Көрерменді күлдіре отырып, адамның сай-сүйегін сырқырататын сөздермен санаңды сансыратады.  Жоғары лауазым иелері алдында қудай жорғалайтын, ар-ұяттан безген жағымпаз адамдар қылықтары әшкереленеді.