Русский драматический театр в Костанае

Алдаспан

АлдаспанӨткізу орны: Ақмола областық мәдениет басқармасы Шахмет Құсайынов атындағы областық қазақ музыкалық-драма театры

Спектакльдің авторы: Ерсайын Төлеубай
 
Премьера күні: 
12.04.2015 г.

Қоюшы Режиссер: ҚР халық артисі - Ерсайын Төлеубай

Жанр: Драма

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 12+

Қосымша: 

 

 

 

Бұл қойылымда кеңестік дәуірде тоталитарлық жүйеде билік құрған Н. С. Хрущёвтың тың игеру саясатына орай қазақ елінің солтүстік бес облысын Ресей мемлекетіне, мұнайлы Маңғыстау өңірін Түркменияға, Шымкент облысының Бостандық, Мақтарал, Киров аудандарын Өзбекстанға қосу жөніндегі билігіне қарсы тұрған арыстан мінез, алып жүрек, қазақтың бір туар асыл азаматы, қоғам қайраткері Жұмабек Ахмет ұлы Тәшеневтің қайраткерлігі баяндалады. Сонымен бірге сол кездегі солақай саясаттың үстемдігіне бас имей өткен Бауыржан Момышұлы және өнер мен әдебиетте өшпес із қалдырған Ілияс Омаров, Гүлжахан Ғалиеваның да өткен өмірінен сыр шертіледі.

Актерлар:

ҚР мәдениет қайраткері - Төлеубек Көңбай, ҚР Мәдениет қайраткері - Қайрат Мырзаболатов, ҚР Мәдениет қайраткері - Жарас Қалдаров, ҚР Мәдениет қайраткері - Жанар Құсайынова, Зүлкәпіл Батихан, Ержан Аубакиров,  Дияс Шәріп, Асланбек Шайсұлтанов, Кәсіп Елеусіз.