Jullien Dassin

Көмекей әулие

 

Көмекей әулиеМекен-жайы: Қарағанды, Бұқар жырау даңғылы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр

Автор: К. Жұмабеков 

Премьера күні: 

Режиссёр: Б. Ұзақов

Актерлар:

Жанр: тарихи драма

Ұзақтығы: 

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

Қазақтың  ұлы ханы - Абылайдың оң қолы болған мемлекет қайраткері,  XVIII    ғасырдағы қазақ әдебиетінің  көрнекті өкілдерінің бірі  Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына  350  жыл толуына орай С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры актер-драматург,  Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты К. Жұмабековтың «Көмекей әулие» тарихи драмасын сахналады.

Бұқар жырау Қалқаманұлы –өз заманындағы  тарихи оқиғалардың куәсі болған, елдің бірлігі мен ынтымағы, қазақ жерінің тұтастығы үшін  бар күш-жігерін жұмсаған, қазақ жырауы, мемлекет қайраткері.   1668   жылдар шамасында туған Бұқардың арғы тегі арғын. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты.

«Өз заманындағы жандар бұл кісіні «Көмекей әулие» деседі екен. Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен» деп жазады белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев.   11  -  12   жасқа дейін сөйлей алмаған бала Бұқардың тілінің шығуына себеп болған әкесі екеуінің арасында болған оқиғадан бастап, тарихи драма оның өмірінің белді-белді кезеңдерін қамтиды.  Тарихи қойылым «Көмекей әулиенің» қалыптасу кезеңінен  тартып, ханның оң қолы - бірден-бір кеңесшісі бола білген көрегендік рөлі тарихи дерек-фактілермен келтіріледі.  Абылай ханның тұсында Бұқар жырау мемлекеттік істерге тікелей араласады.