Спортивные матчи Караганда

Ұстаздың оралуы

Ұстаздың оралуы/театр им. МукановаАвторы: Ә. Әлімжанов

Инсценировкасын жасаған: М. Әбіл

Премьера күні:

Қоюшы режиссері: Ф.А.Қанафин

Қоюшы суретшісі: А.Сырбаева

Киім үлгісінің суретшісі: Б.Ахметова

Биін қойғандар: Ж.Темербаева, О. Ростовщикова

Актерлар: 

Жанр: оммаж-қойылым

Жас санаты: +12

Ұзақтығы: 1 сағ.

«Даналық ғылымның бастауы» - дейді ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушысы – Марк Тулли Цицерон.

Даналықтың биігіне шыққан, мың жылда бір туар ғұламалардың ғұмыры, қайраткерлігі, ғашықтығы, толассыз ойлардың туындау сәттері кімді де болсын қызықтырмай қоймасы анық. Осы қойылымда кейіпкеріміздің тұлғалық сипатымен қоса адами болмысы, кісілігі тіпті пендешілігі, сүйіспеншілігі мен сағынышы сынды қасиеттерін көрсетуге ұмтылдық.

Бүгінгідей технократтық  жаһандану мен ғылымның заманы болмаса да, сонау ықылым уақытта-ақ  сан саланың сипатын тауып, сырын ашқан ойшылдың орамды ойлары, парасатты пайымдары, түзу жолды нұсқаған ұстанымдары көпшілік көрерменнің көкірегіне сәуле шашады деген сенімдеміз.

*Оммаж –  (фр. hommageи- ризашылық, құрмет)  мәдениетке,өнерге, тұлғаға т.б құрмет көрсету, тағзым жасау, мойындау мақсатында қолданылатын жанр.