Scorpions в Алматы
98 человек за последний час интересовались этим событием.

Трагедия «Отелло». Казахстан, Астана

Трагедия «Отелло»18 июня во Дворце мира и согласия можно увидеть пронизанный шекспировским духом спектакль «Отелло». Легендарную трагедию Шекспира представят талантливые артисты Государственного академического казахского музыкально-драматического театра им. К.Куанышбаева в рамках ІІ Всемирного театрального фестиваля «Астана». Режиссер спектакля – Народный артист Казахстана Талгат Теменов. Данное произведение мирового классического наследия занимает особое место в репертуаре казахского драматического театра.

Красочный и энергичный спектакль повествует о том, как человека губят злоба и зависть, как гнев становится неуправляемым, любовь перерастает в ненависть, а череда предательств ведёт к неизменно трагическому финалу. На сцене актеры продемонстрируют драму человека, который, попав в ловушку клеветы, разматывает клубок перипетий изобличающих правду. Артисты театра представят не только пластическое воплощение идеи великого классика, но и энергетическую мощь трагических коллизий.

«Отелло» - великое произведение Шекспира, где изображена страшная, поистине потрясающая трагедию человека, который убил самого дорогого ему человека и лишил свою жизнь всякого смысла. «Отелло» побуждает нас заглянуть внутрь себя, посмотреть в глаза своим демонам. Известный сюжет о ревности и зависти, об интригах и наивности, о беззащитности и коварстве не оставит никого равнодушным.

___________________________________

Астана қалалық Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясымен өз шымылдығын ашты. Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды. Онда Ш.Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясы лауреаты атанды. Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған киелі шаңыраққа 1991-1996 жылдары ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров, 1996-1998 жылдары Қазақстанның Халық артисі Қадыр Жетпісбаев, 1999-2009 жылдары Кеңес Одағының Халық артисі, «Халық Қаһарманы» Әзірбайжан Мәмбетов жетекшілік етті.

            Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының репертуары көнеден келе жатқан классикалық өнер туындыларын заманға сай жаңартып, жаңаша қойылымдармен толықтырып келеді. Өз көрерменін тапқан театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне көңіл толады. Елімізде және шет елде өткен бірнеше театр фестивальдерінде биік белестерді бағындырған ұжымның алға қойған бағыт-бағдары айқын. Ол – қазақтың театр өнерін өркендету, сөйтіп кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсете білу.

            Отандық труппамыз 18 маусым сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында У.Шекспирдің «Отелла» трагедиясын сахналайды. Бір адамның тағдыры арқылы күллі адамзаттың жан дүниесін таныту, жүрек пен сезім арасындағы қайшылық өмір мен өлім арасындағы тайталасқа қалай ұрынғанын Шекспирден артық кім суреттейді!

Отелло – әлемдік әдебиет галереясында күшті қаһарманның бірі, ол нағыз ер азамат бола тұрып, нақақ жаланың қаруы мен құрбанына айналды. Осынау баянсыз ғашықтықтың күйігі мен наласы жер бетінде ауық-ауық қайталана беретінін ұлы ағылшын жазушысы айғақтайды. Отеллодай ұлы шығармаға негізделген бұл қойылымды өткізіп алмаңыздар.