Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

«Әйгілі Шоумен»

Әйгілі шоумен, Трансформа, Алматы

Өтетін орыны: Алматы қаласы, Пространство «Трансформа»

Автор: Республикалық эстрада және цирк колледжі

Режиссёр: Жанбекова Анара

Жанр: спектакль

Ұзақтығы: 1 сағат

Жас санаты:

Қосымша:


"Әйгілі шоумен" - Республикалық эстрада және цирк колледжінің "Эстрадалық вокал" ПБК-сының 3-курс студенттерінің дипломдық қойылымы.

Оқиға атақты "Величайший шоумен" фильмінің желісі бойынша өрбиді. Басты кейіпкер Финеас Дейл Барнум - қарапайым тігіншінің баласы. Және ол жоғары қоғамның қызына ғашық. Финеас ұлы адам болуды, бай болуды армандайды.

Қойылымның басты идеясы - адам нені шын ниетімен қаласа, соған жете алатындығында. Армандардың шындыққа айналатындығында. Сондай-ақ махаббат пен достық, отбасы мен теңдік мәселелері де қойылымның өзекті тақырыптарының бірі. Атақтың "буына"мастанып, тура жолдан тайып кетпеу керектігін Финеас ұғына ала ма? Отбасылық құндылықтарды сақтап қалу да оңай іс емес. Бүкіл әлем сенен теріс айналған шақта саған қолдау көрсететіндер кім? Жоқты да, барды да, бақты да көтеріп жүру үшін адамға үлкен жігер, ақыл мен жүрек керек. Ендеше, қазақ тіліндегі дәл осы бірегей қойылымның сіздер де куәсі болыңыздар!

Спектакль идет на казахском языке в рамках программы Трансформы #пробныйпоказ