Репертуар театра им. Сейфуллина

«Сайын дала бұлбұлы» концерті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

КСРО халық артисі, опера өнерінің майталманы-

Роза Жаманованың 90 жылдық мерейтойына арналған

«Сайын дала бұлбұлы» концерті

          «Сайын дала бұлбұлы» концерті2018 жылғы 28 сәуір  сағат 17:00-де (Астана қ-сы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1) «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының камералық залында  КСРО халық артисі, қазақ опера өнерінің жарық жұлдызы Роза Жаманованың шығармашылығына арналған «Сайын дала бұлбұлы» атты концерті өтеді.

          Р. Жаманова ұлттық операның негізін салушылардың бірі, қазақ опера өнерін әлемнің биігіне көтерген алып тұлға, ұлттық мәдениеттің ең жарық жұлдыздарының бірі. Ол қазақ және орыс композиторлары мен шетелдік классиканың ең таңдаулы туындыларын ел  сахналарында, дүниежүзінің айтулы театрларының төрінде шырқап, қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Күміс ырғақты өзіндік дауысы бар әншінің орындауындағы ән, музыка тілінің құпиялығымен халық жүрегінен орын алды. Роза Үмбетқызы  қазақтың ұлттық  операларында басты бейнелердің қайталанбас тұлғасын жасады. Оның тағы бір  елеулі еңбегі –  ұстаздығы. «Сайын дала бұлбұлы» атты кеште сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Кенжеғали Мыржықбай, Жаннат Бақтай,  Гүлнар Хамзина, Жұпар   Ғабдуллина,  

Ғалия Байғазинова,    Евгений Чайников,    Бибігүл Жанұзақ,   Мадина Исламова сынды өнер саңлақтары ән шырқайды.
         Бұл іс-шара қазақтың маңдай алды, шоқтығы биік  опера әншісінің  шығармашылығына арналған мерейлі мерекелердің бірі болмақ. 

      «Қазақконцерт»  МКҰ, ұйымдастыруымен өтетін шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай  Астана қаласының 20 жылдығына арналады.