Scorpions в Алматы

«Қуыршақ»

Қуыршақ

Автор: Қ. Мұрат

Премьера күні:

Режиссёр: Д. Қалибекұлы

Актерлер:

Жанр: психологиялық монодрама

Ұзақтығы: 70 минут

Жас санаты: 18+

Зал: Кіші зал

 

 

Қазіргі заманауи Қазақстандық драматургтердің ішінде өзіндік қолтаңбасы бар Қолғанат Мұраттың «Қуыршақ» атты философиялық монопьесасы –  мистикалық рализм жанрындағы туынды. Амалсыздықтың қамалындағы адам санасының құбылыстары, қарайған жанның тәубесі мен  зіл зәуірге ұшыраған пенденің адамзатпен ашық сөйлесуі бейнеленеді. Қиял әлемінен өмір құрастырып алған қуыршақ жасаушы шебер өзінің тағдырынан сыр шертеді.  Күнәсі мен ізгі қасиеті аралас жанның ақтық арпалысы, фәни тағдырмен тайталасы, жеңісі мен жеңілісі... Бұл туындыда қоғам мен әлеуметтік мәселелермен қатар рух, жан және мораль сияқты биік құндылық тақырыптары өзара біте қайнасқан. Қуыршақ арқылы  әр адам өз кескінін өзі көреді.

Билет қайтару шарттары: танысу