Scorpions в Алматы

«Қазақы комедия»

Дулат Исабековтың «Бонапарттың үйленуі» шығармасының желісі бойынша сахналанған Болат Ұзақовтың «Қазақы комедиясы» қарапайым қазақ ауылының көрінісін, ондағы тұрғындардың болмысын суреттей келе бейғамдығымыз бен аңғалдығымызды тәтті әзілмен көрсететін қойылым.

Екі жастың үйленіп, бас қосуы - қашан да қиындығы мен қызығы қатар жүретін өмірдегі маңызды сәттің бірі. Ал Бонапарт есімді жас жігіттің үйленуіне не кедергі? Ата-ана салғырттығының соңы неге апарады? Дәстүрі мен иманын қатар ұстанған Даржан қарт Бонапартқа қатысты қандай шешім шығармақ? Әр кейіпкердің мінезі мен образын қанық қылып, шытырман оқиғадағы әрекеттерін әдемі жеткізген қойылымнан қазақы қалпымызды танып, күлкіге қанып қайтарыңыз сөзсіз!