Расписание кинотеатров Караганда

Мұқағалимен сырласу

«Мұқағалимен сырласу» атты поэтикалық қойылымында

Мұқағалидың образы - ақынның өмірі мен шығармашылығы желісіндегі оқиғалармен, ақынның поэзиясы мен сөздеріне жазылған әндерімен әсерлі астасып, көрерменді баурап алатыны сөзсіз. Қазақжырының Хан- Тәңірі атанған, мың жылда   бір туатын алып, Мұқағали Мақатаев  уақытында өз бағасын алмаса да, кейінгі ұрпақ үшін мәртебесі биік  ақиық  ақын. Қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали бүгінде сол биігінен де өрлеп, әлемдік поэзия кеңістігін көркейтуде. Сонымен қатар оның жырлары оқырманның өмір салтының махаббатына айналған.

Актерлар:

Мұқағали – Нәсіпжан

Муза – Марал

Ана – Құралай

Махаббат диалогындағы: қыз – Жанерке,  жігіт - Тимур

Поэзия оқитын актерлар, Алатау театрының бишілері мен әншілері