ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Очистить
Отмена
Поиск
Караганда
ticketon cabinet
Войти
ЯзыкРус
контакты
Кішкентай адамның үлкен трагедиясы

Кішкентай адамның үлкен трагедиясы

Описание

Орыстың ұлы жазушысы А. П. Чеховтың «Қорғансыз жан», «Қаскүнем», «Жуан мен жіңішкеден», «Қонақ», «Дипломат», «Ынжық» атты әңгімелерінде адамның надандығын, билік пен қарапайым шаруа санасының түйіспеуін, жағымпаздықтың жиіркенішті көрінісін, ақшаның алдында адамгершіліктің құнсыздануын, ащы шындықтан қарағанда, тәтті өтірікке құмарлығын, құлдық сананың адам бойына сіңіп кеткенін көрсетеді.

Осы оқиғаларды «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» атты бір қойылымда тоғыстырған туындының көтерген тақырыбы өте ауқымды, әрі өзекті. Қалжыңсыз комедия жанрындағы қойылымда күлкілі жағдайлар көп орын алуы мүмкін, бірақ оның арғы жағында үлкен трагедия жатыр. Қойылым өмір шындығына терең бойлап, қоғам кеңістіктеріндегі әлеуметтік-философиялық тақырыпта ой қозғайды.

Адам өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты екендігін естен шығармауы тиіс. Автор құлдық сананың тамшыларын адам бойынан сығып алудың керемет үлгісін көрсетеді. Ол заманауи эффектілерден бас тартып, бет пердесіз шынайылыққа бір қадам жақындата түседі.

Читать полностью
  • Автор

    А.П. Чехов

  • Премьера күні

    12, 14 наурыз 2021 ж.

  • Режиссёр

    Баатырбек Шамбетов

  • Актерлар

    Олжас Бегайдаров, Қуаныш Маратұлы, Төленді Әлғожин, Диана Тұрсынова, Нұрлыбек Кенжахметов, Ғабит Қызыров, Ақбота Ықылас т.б.

  • Жанр

    комедия без шуток

  • Ұзақтығы

    1 сағат 40 минут

  • Қосымша

    Ілеспе аудармасы бар

Поделиться:

Расписание
  • Дата
    Место
    Зона
    Взрослым
    Детям
  • 30
    мая
    чт
    Костанайский театр им. И.Омарова
    Зрительный зал
    от 1000
    от 1000