Репертуар театра им. Станиславского

Айман-Шолпан

Маман байдың қос қызы Айман мен Шолпанға қазақ даласының түпкір – түпкірінен келген бай – бағландар, батырлар сөз салып, таласқа түседі. Олар қос қыздың сезімімен санаспай өздерінше сыртынан тон пішіп, мен аламынға салады. Біреу байлығы мен ақшасына мастанса, енді бірі бет қаратпас қара күшіне, білегіне сенеді. Мұның арты төбелеске ұласып, ақыры шатақ шығады. Саудагер Әлібек нөкерлерімен келіп, екі қыздың көңілін өзіне қаратуға тырысып, ақшаны онды – солды шашады.

Осы тұста атақты Көтібар батырдың інісі Арыстан келіп килігіп, екі қызды да мен аламынға салады. Маман бай бұған ренжіп, қызын саудалаған бассыздарды жазаламақ болады. Осы тұста егде тартқан, елді ашса алақанында жұмса жұдырығында ұстаған Көтібар арашаға түсіп, Маман байдың шаңырағын ортасына түсіріп, тұтқындап, қыздарды да қамауға алады. Екі қызды да өзім аламын деп, жар салады.

Үлбіреген жас қыздардыкөріп есі шыққан Көтібар әйелі Теңгені ұмытып, төсек жаңғыртпаққа ниеттенеді. Теңге болса Көтібарды ебін тауып, өз жанында қалдыруға қам жасайды. Бүкіл істің куәгері Жарас неше түрлі айла мен амал тауып, ақыры Көтібарды Теңгенің шылауында қалдырып, Айман мен Шолпанды қалаған теңіне қосады