98 человек за последний час интересовались этим событием.
Театр «Жастар»

ЖІБЕК

Купить билеты

Автор: Ғ. Мүсірепов

Премьера күні: Сәуір, 2018 жыл

Режиссёр: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Актерлар: Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері, Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері және т.б.

Жанр: мюзикл

Ұзақтығы: 1 сағат, 15 мин

Жас санаты: 

Қосымша:

 

«Қыз Жібек» – мәңгілік махаббат жыры. Шекті руының айдай сұлу аруы Жібек пен Жағалбайлы руының батыры, сері Төлегеннің арасында тұтанған сезім шоғы кіршіксіз махаббатқа ұласады. Алайда махаббат барда қызғаныштың да қатар жүруі өмір заңдылығы емес пе? Жібек аруға бұрыннан ғашық сол ауылдың Бекежан есімді батыры да сұлудан дәмелі көңілін жасырмай, махаббат үшін ашық айқасқа түседі. Қайшылыққа толы күрестің соңы орны толмас өкінішке ұласады...     

Ғасырды ғасырға жалғаған жауһар жырдың Жастар театры сахнасында жандану мен тіл қату әдісі де, «сөйлеу» қалыбы да өзгеше. Евгений Брусиловскийдің заманауи үнде жаңаша өңделген классикалық музыкасы көрерменін формалық, идеялық һәм көркемдік ерекшелігімен баурайды. Қазақтың байырғы салты – бастаңғы стилінде өрбитін мюзиклде негізінен жастардың сыры мен мұңы, арманы мен мұраты, ең бастысы, кіршіксіз махаббаты алға шығады. Ғажайып музыка тілі арқылы сезім күйін шертер қойылым көрерменін бей-жай қалдырмайды.

Кейіпкерлер:

  • Жібек – Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Төлеген – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Бекежан – Бекжан Керімбаев
  • Шеге – Нұрлыбек Төлеген
  • Дүрия – Шехназа Қызыханова
  • Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов
  • Хормейстер – Гүлмира Құттыбадамова
  • Балетмейстер – Шырын Мұстафина

Билет қайтару шарттарытанысу