Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Жібек

Авторы:

Режиссер: Нұрқанат Жақыпбай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Актерлер:

Жас санаты:

Ұзақтығы:

 

 

 

 

 

 

«Қыз Жібек» - мәңгілік махаббат жыры. Шекті руының айдай сұлу аруы Жібек пен Жағалбайлы руының батыры, сері Төлегеннің арасында тұтанған сезім шоғы кіршіксіз махаббатқа ұласады. Алайда махаббат барда қызғаныштың да қатар жүруі өмір заңдылығы емес пе? Жібек аруға бұрыннын ғашық сол ауылдың Бекежан есімді батыры да сұлудан дәмелі көңілін жасырмай, махаббат үшін ашық айқасқа түседі. Қайшылыққа толы күрестің соңы орны толмас өкінішке ұласады…

Ғасырды ғасырға жалғаған жауһар жырдың Жастар театры сахнасыңда жаңдану  мен тіл қату әдісі де, “сөйлеу” қалыбы да өзгеше, Евгений Брусиловскийдін заманауи үнде жаңаша өңделген классикалық музыкасы көрерменін формалық, идеялық һәм көркемдік ерекшелігімен баурайды. Қазақтың байырғы салты - бастаңғы стилінде өрбитін мюзиклде негізінен жастардың сыры мен мұңы, арманы мен мұраты, ең бастысы, кіршіксіз махабатты алға шығады. Ғажайып музыка тілі арқылы сезім күйін шертер қойылым көрерменін бей-жай қалдырмайды.