Щелкунчик (Astana Ballet)
Астана Конгресс-Холл

«Жаңа жылға жаңа ән»

Купить билеты

Өтетін орны: «Астана» концерт залы.   

Өтетін күні: 23 желтоқсан

Басталуы: 17:00

Әрбір адам баласы жаңа жылды есте қаларлық сәттермен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуды армандайтыны хақ.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында патша көңілді көрерменге ұсынылатын бұл концерт сіздерге мейірім шуағын шашып, ұмытылмас шақтарды сыйлайтынына кәміл сенеміз.

«Жаңа жылға жаңа ән» концертінде талғамы жоғары тыңдарманға сиясы кеппеген әндермен бірге, талай жүректерді тербеткен туындылар да орындалатын болады.     

Кешке, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері: Бағдат Сәмединова, Майра Ілиясова

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Алтынай Жорабаева, Қарагөз Сүлейменова, Айгүл Қосанова, Анар Мұздаханова, Мирас-Құралай, Медет – Клара, Бибігүл Жанұзақ

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары: Абай Бегей, Индира Расылхан, Нұрғали Тұрлыбеков, Ринат Мальцагов, Дос

Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары: Арайлым Рахым, Диана Май, Оралхан Алтынбек, Мұратбек Хайролда, Дихан Ілияшев, Альфира Әбдірахманова, Нұрсұлтан Ахметбеков, Айдана Смахан, Гүлзира Досалиева, Эльвира Нұрғожина, Диас Кәрімжанов және «Астана», «AIDI» сынды топтармен т.б. өнерпаздар қатысады. 

Таңғажайып мереке қарсаңындағы таңғажайып кештің куәсі болыңыздар!