Scorpions в Алматы

«Жаңа жылдық бәйшешек»

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық

 балалар мен жасөспірімдер театры

Сіздерді   

«Жаңа жылдық бәйшешек» музыкалық ертегісін

тамашалауға шақырады

С. Маршак

Жаңа жылдық бәйшешек

(Он екі ай)

baysheshekЖаңа жыл – барлығымыз асыға күтетін, ал, балалар үшін ерекше мереке. Аяз атаның мол базарлығы қуантып, ғажайыптар орын алатын түн.

Жаңа  жыл,  түнгі  сағат  он екіде  келетінін білеміз...

Сағат тілі он екіге санаулы минуттар  қалғанда, жер  бетіндегі  бүкіл аң-құстар мен барша тіршілік иелері, адам тілінде сөйлей алатын қасиетке ие болады. Тиын, қоян, қасқыр, қарға, тіпті, жылдың төрт мезгілі –  барлығына адамша тіл бітіп, бәрі  бірге  Жаңа  жылды  қарсы  алады.  Ал, оларға  кездескен  адамның  бар  тілектері  орындалады.

Бұл ғажайып  оқиғаны  көзімен  көрген,  кішкентай    қыздың, ең қиын  арманы  орындала ма? Ақылсыз Ханшайымның Жаңа жылдық Шыршаға: «Көктем гүлі – бәйшешек тауып әкеліңдер», – деген   тілегі  іске асар  ма екен?

  Білгілеріңіз келсе,  ғажайып  ертегіні  бірге  тамашалайық!

Спектакльден соң балаларды Аяз Ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтетін қызықты Жаңа Жылдық шырша ойындары күтеді.

Мекен-жайымыз: Абылайхан даңғылы, 38 (М. Мәметова көшесінің  қиылысы)

Анықтама телефондары: 2714860, 2714237, 87019514347