Жан пида

«Жан пида»  Қойылымда жабайы түз тағысы мен өркениетті дәуірдегі адамзаттың ойлау жүйесі, мейірім-шапағаты қос тізгінге қатар жегіледі. Бұл идеяны төңіректейтін тағы бір мәселе адамның ашкөздігі мен  тойымсыздығы. Оқиға барысында мисыз мақұлықтар бұзбаған табиғат заңдылығын екі аяқты, жұмыр басты пенденің аштықтан емес, тоқтықтан, адами құндылықтардың төменшік тартқанынан бұзып отырғанына бірге көз жеткізейік.