Расписание кинотеатров актау

ҚАР ХАНШАЙЫМЫ

«Қар патшайымы» спектаклі көрермендерді әлемге әйгілі Ханс Кристиан Андерсеннің ертегісіне саяхат жасауға шақырады! Бұл жай ғана қойылым емес, бұл керемет оқиғалар, терең эмоциялар мен сиқырлықтар бірлескен керемет ертегі.

Спектакльдің бірегейлігі оның алуан түрлілігінде: сахна төрінде қуыршақ-марионеткалар, планшет, көлеңкелі және бой қуыршақтар жанданады, сондай-ақ рөлдерді әртістердің өздері де сомдайды.

Әсем ән, мың бұралған би, қарақшылардың шайқастары, таңғажайып сиқырлар мен жарқын бейнелер қысқы ертегі атмосферасын қалыптастыратыны сөзсіз. Бұл қойылым тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар қиял әлеміне терең бойлауға мүмкінлік сыйлап, махаббат, отбасы, достық, адалдық және мейірімділік күші сияқты өмірдің маңызды ақиқаттары туралы сыр шертеді. Бұл қақаған суық күндері де жылудың маңыздылығы туралы қойылым.

Рөлдерді сомдайтындар:

Герда - Эльмира Кумарова, Амина Омарова

Кай, Сиқыршы - Ернар Оралов

Қарға, Елік - Мейрхан Батырханов

Апа, Қарақшылардың атаманы - Эльвира Сүлейменова

Эмма ханшайым, кішкентай қарақшы қыз - Арайлым Байырбекова

Американдық күйеу жігіт, араб күйеу жігіт, қарақшы, көмекші - Нұрәділ Алияр

Клаус ханзада, үнділік күйеу жігіт, көмекші - Ұлан Асанбек

Қарақшы қыз, көмекшілер - Мерует Карибаева, Ханшайым Серикова

Қар патшайымы - Меруерт Карибаева