Viva la valzer e la Marcia

28 маусым күні Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония елорда тұрғындары мен қонақтарын Қ. Жұмакенов атындағы үрлемелі оркестрдің «Viva la valzer e la Marcia» концертіне шақырады. Басталуы сағат 19.00.

Осы кеште оркестр В. Моцарттың, Г. Свиридовтың, И. Штраустың батырлық және салтанатты марштарын; Д. Шостаковичтің, А. Хачатурянның, Л. Хамидидің лирикалық және романтикалық вальстарын, Н. Кузенковтың қазақ композиторлары тақырыбындағы вальсін, Қ. Айтбаевтың Ш. Қалдаяқов вальсіне попурри, П. Петерсонның «Мy brake» джаз вальсін, Б. Пейдждің блюз-маршы мен В.Фадеевтің эксцентрикалық вальсін және т.б. орындайды.

Жаздың әдемі кешінде филармонияның үрлемелі оркестрінің орындауындағы ғажайып және көңілді музыканы тыңдауға шақырамыз - бұдан артық жағымды әрі  талғампаз не болуы мүмкін!