Вечер современной хореографии «Red Ballet Theatre»
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Тренинг Айнур Турсынбаева

Слова бывают пророческими… когда у Дениса Тен спрашивали до скольки лет он будет в спорте, тот отвечал: «До 25-ти».

 Мой друг Оразалы Досбосынов про себя всегда начинал со слов: «не старше 30-ти…» и умер на 29-год своей жизни. 

Позже с Уральска вышел мальчишка поэт Асылбек Исщанов, на последнем своем айтысе сказал, что хочет быть похож на Оразалы Досбосынова аға и умер рано от аварии, как и тот. 

У великого термеші Жәнібека Карменова есть слова в терме «не выходи в дорогу один, пожалеешь».

Не все знают, что сердце у него остановилось, когда он был в пути один. 

Когда нам тяжело, мы жалуемся: «лучше умереть, чем так мучиться». В Исламе есть хадис: « Говори о хорошем, либо молчи». 

Думайте о хорошем, говорите о хорошем. Изменятся наши мысли – изменимся мы.

Тренинг в Алматы о аффирмациях и о правильном мышлении. Такого события еще не было!

_______________________________________________________________________________________

Сөздің киесі бар. Кешегі қыршынынан қиылған Денис Теннен "Спортта қай жасқа дейін жүресің?" деп сұрағанда, "25 жасқа дейін" деп жауап берген... Оразалы Досбосынов деген алапат ақын көбінесе сөзді: "Атым Ораз болғанмен,

Отыздан жасым аспаған,

Иегін сақал жаппаған.

Сүйінбаймын, Жамбылмын,

Таңжырықпын, Шарғынмын" - деп бастайтын... Шынында жасы отыздан аспады, небәрі 29 жасында жарық дүниемен қош айтысып кете берді... 

Кейін Оралдан Асылбек Исщанов деген ақын бала шықты... Сол бала өзінің ең соңғы айтысында: 

"Бір күнде бес ақынмен,

Айтысып бәрін жеңетін,

Оразалының жолын бер" - деп жырлаған екен. Арада көп уақыт өтпей жап-жас Асылбек тура Оразалы ағасы құсап жол апатынан қаза тапты. 

Атақты Жәнібек Кәрменовтың керемет термесі бар, сол терменің ішінде "Жалғыз шықпа сапарға, өкініште қаларсың" деген жолдар бар. Сол Жәнібек ағамыздың жолға жалғыз шығып кетіп жүрегі тоқтап қалып қайтыс болғанын біреу біліп, біреу білмес... Атақты Мұқағалидың да: "Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,

Қырықтың бесеуінде" деген өлеңі бар. Ақиық ақын шынында 45 жасында дүниеден өткен еді. Табылды Досымов ағамыздың "Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам" дейтін xит әні болды. Ағамыз шынында ұйықтап кетіп оянбады. Біз көбінесе сөзге мән бермейміз. Әсіресе балаларға ұрыссақ, артық кетіп қаламыз. "Өстіп жүріп бір бәлеге ұрынасың, суық тиіп өлесің, оқудан шығарып жібереді, адам болмайсың" деген сияқты артық сөздерді айтамыз. Болмаса, шаршап кетсек "Құдай-ай, қиналып біттім, өлсем тыныштық табатын шығармын. Бүйтіп жүргенше, өлгенім жақсы" деп күпір сөйлейміз. Исламда "Жақсы сөз сөйле, болмаса болмаса үндеме" деген xадис бар. Ендеше жақсы ойлап, тек қана жақсы сөз сөйлеп үйренгісі келетіндер үшін Айнұр Тұрсынбаеваның сөз құдіреті жайлы, аффирмация жайлы семинары өтеді.