rebranding

Төрткүл Ханзадасы

Драматург Сәнтөре Пірмановтың «Төрткүл ханзадасы» ертегі қойылымында киелі Тараз өңірінің ежелгі тарихи мекені - Төрткүл керуен сарайының тыныс-тіршілігі шежіре, аңыздар негізінде баяндалып, ежелгі Ұлы жібек жолының ізімен жүрген сауда керуендерінің көші, сол кезеңдегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ән мен биге құрылған сауық кештері қызықты да, нанымды көрсетіледі.