Толғақ
Автор: Ж. Өзубекова
Премьера күні, жылы: 06.10.2006 жыл
Режиссёр: Р. Есдәулетов
Актерлар: Ана - Сайраш Қопабаева
Меркүл - Арай Маралбекова
Еркек - Қанатбек Ниязбеков ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Ойрон - Тұрсынбек Дүзбаев
Добул - Аманжол Хамзин
Кубул - Ертай Хасенов
Аязқан - Гүлбақыт Бақтыбаева ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Мистекан - Майра Арғынбекова ҚР «Мәдениет қайраткері»
Қалайқан - Мадина Құмарова
Жанр: драма
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас санаты: 14+
«Толғақ» қойылымы Ыстықкөл ортаазиялық фестивалінің лауреаты. Үздік психологиялық спектакль және ең үздік заманауи тақырыпқа интерпретация номинациясының лауреаты.
Иссыккульдің жағалауында орналасқан балықшы ауылы. Ауыл тұрғындарының өмірі өте ауыр жағдайда – бірін бірі жек көру, бір-біріне жамандық, қастандық жасау. Қойылымның бас кейіпкері Меркүл алдағы болашағы жоқ өмірден түңіліп, күйеуінен күдер үзеді.
Қойылымның кейіпкерлері адамгершілік қадір-қасиеттерден жұрдай болған. Сәби тосып жүрген Меркүлге бұл өмір қатігез, опасыз көрінеді. Өмірге әлі келмеген сәбиін не күтіп тұр деген «ой» мазалайды. Сонда да жақсы, жарқын өмірден үміттеніп, баласын осы дүниеде тастап өзі мәңгілікке кете барады.