БИ-2 в Алматы

«Таң самалы»

Купить билеты

tan-samalyХалықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Жұмабек Қаңтарбаевтың «Таң самалы» концертінің 20 ақпан күні сағат 19:00-де «Qazaqstan» орталық концерт залында Жастар жылының аясында Халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері Жұмабек Қаңтарбаев «Таң самалы» атты алғашқы жеке кешін ұсынады.

Концертте қазақ композиторларының белгілі романстары шырқалады. Романс – лирикалық мазмұндағы өлеңге жазылған, аспаптың сүймелдеуімен жеке дауыста орындалатын шағын музыкалық шығарма әрі әрдайым сұранысқа ие ерекше музыкалық жанрлардың бірі. Бұл жанр музыка, вокал және әннің сөзі бір уақытта орындалуымен айрықшаланады. Өнерсүйер қауым Н.Тілендиев, Қ.Мусин, С.Мұхамеджанов, М.Төлебаев, Н.Меңдіғалиевтің романстарын тыңдай алады. Сонымен қатар бұл кеште ұлы Абай мен И.Жақанов, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова және тағы да басқа қазақ романстарының әйгілі шығармалары орындалады.

Концертке ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері Азамат Желтыргузов, халықаралық байқаулардың лауреаты Алтынбек Айгерім қатысады. Кеш концертмейстері – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Дина Мирманова.

Қазақ романстары орындалатын «Таң самалы» концерті көрермендерге ерекше атмосфера сыйлайтыны сөзсіз.