БИ-2 в Алматы
Концертный зал «Астана»

«Тақиялы періште» киноконцерті

Купить билеты

takiyaly-peryshte-kinokoncertШәкеннің шедеврі сахнаға сапар тартады.

Қазақ кино өнерінің классигі Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі наурыз айының 5-ші жұлдызында, сағат 19.00де сахнаға сапар тартады.       

Өтетін орны: «Астана» концерт залы.                             

Аталмыш киноконцерт қазақ киносының ақ желкені, Қазақ КСР-нің Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналады.

Алматының гүлзар бағын, қызығы мол сағым күндерді сағынсаңыз тілге тиек болған кештен құр қалмаңыз. Әмина апамызды бірге еске алайық! Ескірмеген естеліктерді әуелетіп, бірге тамсанайық! Бірге ән салайық!

«Тақиялы періште» киноконцертіне «Шалқыма» халық би ансамблі, «Эстрада» би ансамблі, Халық ән бөлімі, Классикалық және эстрадалық вокал,  сондай-ақ, «Музыкалық-шығармашылық» бөлімд өнерпаздары қатысады.     

Тана - Айжан Салаева        
Тайлақ – Расул Нөгербек   
Айша – Маржан Мырзабекова      
Алтыншаш – Айгүл Бекмағанбетова       
Бибігүл Төлегенова – Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 
Ермек Серкебаев - Алтынбек Әбілда
Нияз – Нұрай Танабаев, Мәдениет саласының үздігі           
Жамал – Арайлым Рахым, Мәдениет саласының үздігі           
Бандит – Қуат Ежембек      
Саят – Нұрбол Балапанов, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері       
Кезекті жігіт – Дәстүр Асылхан   
Айжан – Көркем Шолошова          
Әмина, Нұргүл – Фариза Биходжаева, Ақмарал Асқарова       
Қатира – Сандуғаш Есекешева      
Тайыр Досанов – Данияр Мұқан   
Тана жас кезі – Күнсұлу Тұрлыбеков және т.б   

Жоба авторы: Әбдірахманов Сәкен Сейтқалиұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Режиссері: Асхат Қошай.