Мероприятия Stages.kz

Сүйінбай (Гастроли)

М. Әуезов атындағы драма театры

СҮЙІНБАЙ

Эпостық драма

авт. Иран-Ғайып

реж. М. Ахманов

Тарихи драманың бас кейіпкері - қазақ айтыс өнерінің атасы, атақты жырау, үлкен тарихи тұлға Сүйінбай Аронұлы. Оқиғалары негізінен 19 ғасырдың орта тұсында қырғыздың әйгілі ақыны Қатағанмен айтысы төңірегінде өрбитін қойылымда Жырау нағыз толысқан, үлкен қайраткер деңгейіне көтерілген кезінде көрінеді.  Осы айтыста халық өмірі, жыраулық өнердің сакральдық сипаты,  суырып салмалық қасиет ерекше көркемдікпен айқындала түсссе,  қазақ-қырғыз қарым-қатынасының хан Кене мен Наурызбай өліміне байланысты қиындап кеткен осы тұсында Сүйінбай халық жырауы ғана емес, халық елшісі деңгейіне көтеріле бейнеленеді. Қойылымның ең шырқау тұсы – айтыстың өзі.  Төгіліп тұрған көркем тілі, рухы биік драма бүгінгі көрерменді Ұлы Дала  театрымен қауыштырады.